12
апрель 2023
АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренингтер өткізілді
11 сәуір күні АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Меруерт Матаева, Самал Муханбетжанова және Абдиразак Альбина №8 орта мектептің 9-11 класс оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар-тренингтер өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренингтер өткізілді.