Эфирде дәрігер
14 сәуірде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева РИКА-ТВ телеарнасының "Сөзіңіз аузыңызда" бағдарламасына сұхбат берді. Алтынай Есетқызы тұрғындар арасындағы алдын алу жұмыстары, оның ішінде халықтың осал топтары (ХНТ), жастар, ЖОО және ООО студенттері, мектеп оқушылары арасында өткізілетін іс-шаралар туралы айтты. Сұхбат барысында дәрігер ХНТ жұмыстың ерекшеліктері, олардың арасында алдын алу бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы айтып берді. ХНТ арасында АИТВ-ның алдын алумен, оларды жедел тестілеу әдісімен АИТВ-ға тексерумен айналысатын ҮЕҰ жұмысымен таныстырды.