05
март 2019
Ақындар сайысына қатысу
2019жылдың 26 ақпан күні «Қалалық мәдениет және тілдер басқармасында» (Филармония) Ақтөбе қаласының әкімдігі, «Қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының ұйымдастырумен, Ақтөбе Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Ана – тілім тұғырым» атты қалалық байқау өтті.
Қала мен аудандардан келген 30 ақынжанды жастар қатысты. Оның ішінде ЖИТС орталығының көлік жүргізушісі Таспаев Қанат Валерийұлы де бар.
Байқауға қатысушылар 2 кезең бойынша сынға түсті. 1 таныстыру кезеңі, 2 тур патриоттық кезең – Отанға, жерге, елге биылғы жастар жылына орай өз шығармашылығынан өлең оқыды.
Ана тілін қастерлеп, жыр жолдарын жанына серік еткен, байқау қатысушыларына қала әкімінің орынбасары Г.Айдарханова ханымның атынан алғыс хаттар табыс етілді.