Нашақорлықтың, алкоголизмнің және АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша науқан
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экономика және менеджмент кафедрасының студенттері нашақорлықтың, алкоголизмнің және АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша науқан өткізді. Акцияға нарколог, психолог, гинеколог және ЖИТС ОО профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева шақырылды.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стигма және кемсітушілікке жол бермеу мәселелері қарастырылды.