ЖИТС орталықтарының Достық кабинеттері қандай қызметтерді ұсынады?

Ақтөбе ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының достық кабинеті (ДК) АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында тегін және құпия негізде медициналық көмек көрсетеді. Достық кабинетінің қызметтері халықтың негізгі топтарына (ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, секс қызметкерлері, инъекциялық есірткі қолданатын адамдар) келесі қызметтерге көрсетіледі:
АИТВ-ға тексеру;
жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеру (ЖЖБИ);
тазалық дәрежесіне жағынды микроскопиясы;
ЖЖБИ ПТР диагностикасы (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, гонорея, трихомониаз, ҚГВ, мерез);
вирустық гепатитке тексеру;
ЖЖБИ емдеу;
АИТВ-инфекциясының (ҚДА) қатынасқа дейінгі алдын алу;
АИТВ-инфекциясының (ҚКА) қатынастан кейінгі алдын алу;
дерматовенеролог, гинеколог, психолог, инфекционист қызметтері;
жеке қорғаныс құралдарын беру (презервативтер).
Қажет болған жағдайда өтініш берушілер мамандандырылған, білікті медициналық көмек алу үшін тері-венерологиялық және басқа да медициналық ұйымдарға жіберіледі.