04
май 2023
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6-шы желтоқсандағы №22-32-18 454 тапсырмасымен бүгін «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Диктантқа облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері де ұйымшылдықпен қатысты.
Шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен Егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант ереже тәртібіне сай ұйымдастырылды.