23
май 2023
АИТВ-инфекциясына тексерілудің пайдасы

- өз денсаулығына қамқорлық жасау;
- өзіңіздің АИТВ-статусыңызды білу;
-АИТВ-мәртебесін ескере отырып, отбасын, балаларды жоспарлау;
- АИТВ-ның басқа адамдарға берілуінің алдын алу, АИТВ-инфекциясының таралуын шектеу;
- АИТВ-ға тест нәтижесі теріс болған кезде және жұқтыру қаупінің айқын факторлары болған кезде тегін профилактикалық ем алу мүмкіндігі (байланысқа дейінгі және кейінгі профилактика);
- өмір сүру сапасын жақсарту және ЖИТС дамуын болдырмау үшін АИТВ-ға оң нәтиже берген кезде тегін антиретровирустық терапияны уақтылы алу мүмкіндігі.