Ырғыз ауданындағы алдын алу іс-шаралары
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Әлия Ердибекова, Назгүл Жүсіпалиева, Меруерт Матаева 25-26 мамырда Ырғыз ауданында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді. Іс сапар барысында мамандар Ырғыз ауданының мектеп оқушыларына, Ырғыз аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына, Ырғыз аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне, қазынашылық басқармасына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі және кірістер басқармасы қызметкерлеріне дәріс оқыды. Спикерлер АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентацияларында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, АИТВ-ға қатысты стигма және кемсітушілік бойынша және берілу жолдары бойынша тренингтер өткізді.