12
март 2019
Жұмыс орындарында кездесу
Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы С.Мұхамбетжанова "Қазақтүрікмұнай" ЖШС қызметкерлеріне кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы "АИТВ-жұқпасының алдын алу".
ЖИТС ОО әлеуметтанушысы АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шаралары және Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы толық айтып берді. Сондай-ақ жұмыс орындарындағы стигма мен кемсітушілік туралы мәлімет берді. Отбасын, көлікті, жұмыс орнын қоса алғанда, кез келген ұжымдарда кемсітушілік немесе стигма көріну жағдайлары жиі кездеседі. Адамда күйзеліс пен терең теріс тәжірибе тудыратын мұндай жағдайлар АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жағдайын одан әрі қиындатады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты еңбек саласындағы теріс қарым-қатынасты және кемсітуді жою еңбекке лайықты қарым-қатынасты сақтауды, еңбекшілердің өздерінің қадір-қасиетін құрметтеуді білдіреді.