АИТВ-позитивті адам отбасын құрып, балалы бола ала ма?

АИТВ-инфекциясы сіздің жеке өміріңізге шектеу қоюға себеп емес. АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адам отбасын құрып, балалы бола алады. Жалғыз шарт-сіздің серіктесіңізге өз АИТВ-статусыңыз туралы хабардар ету. Әйтпесе, адамды АИТВ-инфекциясын жұқтыру және басқа адамға жұқтыру қаупіне ұшыратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды.
АИТВ-позитивті әйелдер дені сау, жұқтырмаған балаларды дүниеге әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, АИТВ-ның анадан балаға ешқандай араласусыз берілу қаупі 20-45% құрайды, ал болашақ ананың және болашақта оның баласының АРВ препараттарын профилактикалық қабылдауы инфекция қаупін 1-2% дейін төмендетеді! Балалы болу немесе болмау туралы түпкілікті шешімді әйел адам өзі қабылдайды.