Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-инфекциясына зертханалық тексеру халық үшін тегін негізде жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

ИФТ (тамырдан қан) әдісімен АИТВ-ға тестілеуден тегін өту үшін жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген жері бойынша емханаға немесе ЖИТС орталығына (Жамбыл, №4) жүгіну қажет.
АИТВ-ға талдау құны ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) есебінен төленеді, сондықтан тіркелген жері мен ЖИТС орталығы бойынша емханаларда АИТВ-ға тестілеу үшін азаматтардан ақшалай қаражат алынбайды.
ҚР нормативтік құжаттарына сәйкес АИТВ-ға зертханалық тексеру тек АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында, яғни ЖИТС орталығының зертханасында жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сондықтан АИТВ-ға тестілеу үшін жеке клиникаларға жүгінген кезде азаматтар талдау құнын (ТМККК есебінен тегін қызмет) төлемеуі тиіс, ал ақшалай қаражат олардан қан алу және ЖИТС орталығының зертханасына тасымалдау үшін ғана алынуы мүмкін.
Бүгінгі таңда қан алу үшін белгіленген мемлекеттік тариф 415 теңгені құрайды (ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы).