Ақтөбе облысында 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша жағдай баспасөз -релизі
Біздің облыс АИТВ-инфекциясының таралуы төмен өңірлерге жатады. (20 өңірден 17-ші орында). Облыс бойынша 15-49 жас тобында АИТВ-ның таралуы 0,1% - құрады, бұл ҚР-ға қарағанда 3 есе аз. 2023 жылдың 6 айында облыста ҚР азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының 33 жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылдың деңгейімен бірдей. Облыстың 100 мың тұрғынына шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші елдегіден 3 есе төмен. Ағымдағы жылы облыста анықталған АИТВ-позитивті 22 ер адам мен 11 әйел болды. Анықталған кезде жасы 20-дан 59 жасқа дейін. АИТВ - ның жыныстық жолмен берілу жолы басым ол-73% құрайды (33-тен 24). Есірткіні инъекциялық жолмен жұқтыру жолы - 18% құрайды (33-тен 6-ы). Облыста 30.06.2023 жылға АИТВ-инфекциясы бойынша диспансерлік есепте АИТВ-мен өмір сүретін 445 адам тұр, барлығы толық көлемде арнайы ем қабылдайды. (411 адам).
Облыс халқы арасында АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі жұмысты облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы азаматтық қоғамның барлық секторларының өзара іс-қимылы, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді. 2023 жылы АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі жобаны «Наша жизнь» Қоғамдық Қоры табысты жүзеге асыруда. АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру үшін 2023 жылдың 6 айында ЖИТС орталығының мамандары 400 –ден астам профилактикалық іс-шара өткізді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (288 іс-шара), 11891 адам (6175 адам) қамтылды. АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмаудың ең тиімді шараларының бірі – байланысқа дейінгі профилактика-АИТВ инфекциясының алдын алатын арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау. Профилактикалық қабылдауға арналған дәрі-дәрмектер ЖИТС орталығында қауіпті жағдайларда барлық өтініш берушілерге Достық кабинет дәрігерінің кеңесінен және құпия тексеруден кейін тегін беріледі. Облыста 2023 жылдың 1 жартыжылдығында байланысқа дейінгі профилактика қызметтерімен 145 адам қамтылды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында АИТВ-ға тексерулер саны 16% - ға өсті, АИТВ-ға 124 мың зертханалық тексеру, 2313 экспресс-тест жүргізілді. АИТВ-ға тестілеу көлемінің ұлғаюы міндетті тестке көрсеткіштердің көбеюі себебінен орын алды: жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін (ерлі-зайыптыларын) тексеру енгізілді, ағымдағы жылы оның ішінде АИТВ-ның 3 жағдайы анықталды. Ауруды уақтылы дер кезінде анықтау – жүкті әйелдер мен балаларға АИТВ-ның берілуіне жол бермейді. Тұрғындар үшін АИТВ-ға зертханалық тексеру тегін негізде жүргізіледі. ИФА (көктамырдан қан) әдісімен АИТВ-ға тестілеуден тегін өту үшін жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген жері бойынша емханаға немесе ЖИТС орталығына (Жамбыл көшесі, №4) жүгіну қажет. АИТВ-ға талдау құны ТМККК (ГОБМП) есебінен төленеді, сондықтан мекен-жай бойынша тіркелген емханалармен мен ЖИТС орталығында АИТВ-ға тестілеу азаматтарға ақысыз. АИТВ-ға зертханалық тексеру АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында (ЖИТС орталығының зертханасы) ғана жүргізіледі. Сондықтан азаматтар АИТВ-ға тестілеу үшін жеке клиникаларға жүгінген кезде талдау құнын төлемеуі (ТМККК есебінен тегін қызмет) тиіс, ал ақшалай қаражат олардан ЖИТС орталығының зертханасына қан алу және тасымалдау үшін ғана алынуы мүмкін.