18
июль 2023
Тәрбиешілерге арналған дәрістер
17 маусымда ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің мамандары Меруерт Матаева мен Жулмагамбетова Сандугаш АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында "Күншуақ", "Жидек" балабақшаларының тәрбиешілеріне дәрістер өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша сауалнама және тренингтер өткізілді.