16
август 2023
Журналистерге арналған семинар
15 тамыз күні ЖИТС орталығының журналисті Р.Сейсенбаева «Актюбинский вестник» газетінің қызметкерлеріне «Бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат беру» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.