24
август 2023
Теннис корты қызметкерлеріне арналған дәріс

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Сандуғаш Жулмағамбетова теннис корты қызметкерлеріне дәріс оқыды.
Іс-шараның мақсаты -халықты АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары, сақтық шаралары туралы хабардар ету. Спикер тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілікке жол бермеу, Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай және авариялық жағдайлар кезінде АИТВ-инфекциясының жанасудан кейінгі профилактикасы туралы толық ақпарат берді.