08
сентябрь 2023
АИТВ-позитивті ана үшін жүктілік қауіпті ме?
Жүктіліктің АИТВ-инфекциясының дамуын жеделдететіні туралы ғылыми дәлелдер жоқ. Алайда, нәрестені даму патологиясынан және жатырішілік аурулардан қорғау үшін, барлық жүкті әйелдер сияқты, АИТВ-позитивті мәртебесі бар әйелдер өмір салтын өзгертуге тиіс. Бұл алкогольден, темекіден және, әрине, психоактивті заттардан толық бас тартуды білдіреді. Әйелге жақсы тамақтану және емдеуші дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау қажет.