15
сентябрь 2023
АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді
11 қыркүйек күні АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Айжан Жайлаубаева Жастар және балалар ұйымдары қауымдастығымен бірлесіп, №40 орта мектептің 10-11 класс оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді.