Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының ұжымынакомплаенс қызметінің жауапты тұлғасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту, түсіндіру іс-шараларын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі құжаттармен таныстырды. Қызметкерлерге «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет» тақырыбында комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы баяндама оқыды.
Баяндама барысында сыбайлас жемқорлықпен күресуді, алдын алуды барлық қызметкерлердің атсалысуы, ортақ жұмыс атқаруы арқылы жүзеге асыра алатындығы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, қызметкерлерге 1424 бірыңғай колл-орталығының жұмысы туралы ақпарат жеткізілді.