09
октябрь 2023
Студенттерге арналған жәрмеңке
4 қазан күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық университетінде жәрменке өтті. Жәрменкенің мақсаты, жаңа табалдырық аттаған 1 курс студенттеріне университеттегі ұйымдардың жұмысымен таныстыру. Жәрмеңке кезінде Y-PEER Халықаралық желісінің өкілі, Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова және «Сенім-тірек» ҚБ өкілі Ажаргүл Мусина АИТВ-инфекциясының алдын алуда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып студенттерге ақпарат берді және ниет білдірушілерге АИТВ-инфекциясына жедел тест жүргізді. Студенттерде қызығушылық танытып, ақпараттандырылды.