Студенттерге АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді
Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында ЖИТС орталығының мамандары Динара Уразалинова, Меруерт Матаева, Сандуғаш Жулмагамбетова, Самал Муханбетжанова Ақтөбе құрылыс монтаж колледжінің студенттеріне тренингтер өткізді.
Мамандар іс-шара барысында АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып берілу жолдары бойынша тренинг өткізді. Тренинг соңында студенттердің АИТВ-инфекциясына байланысты берілген ақпаратты бекіту мақсатында сауалнама жүргізілді.