Қалалық жастар денсаулық орталықтарының өкілдеріне дөңгелек үстел
ЖИТС облыс орталығының ұйымдастыруымен 7 қараша күні «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, вирустың ерекшеліктері, берілу жолдары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №ҚР ДСМ-6 бұйрығына сәйкес, жастарды АИТВ-ға жедел экспресс тестпен тексеру, облыс бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру, АИТВ-инфекциясының облыс бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай бойынша ақпарат берді.
Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында өткізілетін науқанды жоспарлау мақсатында қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жанындағы Coworking орталығында өкізілді.