26
март 2019
Ақтөбе облысында ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек
2019 жылдың 13-14 наурызында Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог Ж. Кузбакова және дәрігер инфекционист Г. Дусенова АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша Халыққа іс-шаралар өткізді.
Орталық аудандық аурухана (ОАА) және "Шапағат" жеке клиникасы үшін медициналық ұйымда АИТВ-ны ауруханаішілік жұқтырудың алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік көмек өткізілді. Сонымен қатар, ЖИТС ОО қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің медициналық қызметкерлері мен жеке құрамы үшін семинар өткізді.
Семинар барысында орталық мамандары тыңдаушыларды аймақтағы эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-жұқпалары бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды. Семинарда талқылаудың негізгі сұрақтары: АИТВ-ны ауруханаішілік және кәсіби жұқтырудың алдын алу, донорлықтың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.