23
ноябрь 2023
"Біз алдын алуды қолдаймыз" флешмобы
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері №5, №7 қалалық емханалардың жастар денсаулық орталықтарымен, "Сенім тірек" ҚБ, "Наша жизнь" ҚҚ, "Пана04" ҚҚ, ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы АОФ, М.Оспанов ат.Батыс Қазақстан медицина университетімен бірлесіп, М. Мәметова ат. Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің студенттері "Біз алдын алуды қолдаймыз" флешмобын өткізді. Іс-шара барысында барлық қатысушылар ЖИТС-пен күрес символы ретінде "Қызыл таспаны" бейнеледі және осылайша науқан басталуына қадам жасады.
Биылғы науқан 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін жалғасады және "Көшбасшылық - қауымдастықтар" ұранымен өтеді.