Көшбасшылық-қауымдастықтарға
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігеді.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әрқашан белгілі бір тақырыпқа арналған. Биылғы жылы Көшбасшылық-қауымдастықтарға осындай тақырып болмақ.
Неліктен бұл тақырып өзекті?
Егер күресті қауымдастықтар басқарса, әлем ЖИТС-ын тоқтата алады.
Бірақ қауымдастықтарға көшбасшылық жетіспейді.
Қаржыландыру тапшылығы, саяси және нормативтік шектеулер, ресурстар тапшылығы салдарынан белсенділіктің төмендеуі, маргиналды қауымдастықтардағы азаматтық құқықтар мен адам құқықтарына нұқсан келтіру — осының барлығы АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша қызметтерді табысты ұсынуға және алуға кедергі келтіреді.
Егер бұл кедергілер жойылса, қауымдастық ұйымдары ЖИТС-ын жеңуге үлес қоса отырып, АИТВ-ға қарсы іс-қимыл шараларына әлемдік ауқымда одан да көп серпін бере алады.