02
апрель 2019
Ақтөбе қаласындағы ҮЕҰ-ға дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «АИТВ, ЖЖБИ-ның алдын алуға, АӨТ-ны күтуге және қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттарды бөлу».
Іс-шараға ЖИТС ОО қызметкерлері және «ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы» АОФ, «Сенім тірек» ҚБ, «Ақтөбе дәрігерлер мен провизорлар ассоциациясы» ҚБ және бастамашыл топтың өкілдері қатысты.
Іс-шараны бас дәрігердің орынбасары А. Каспирова өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында халықтың негізгі топтарымен (ХНТ) жұмыс істеуге қызығушылық танытқан барлық ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу үшін консультациялық көмек көрсету, ХНТ-мен жұмыс істеуді жоспарлайтын бастамашыл топқа және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨТ) көмек көрсету, тіркеуге жәрдемдесу және консультациялық көмек көрсету болып табылады.