Ақтөбеде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай баспасөз конференциясы өтті
1 желтоқсанда Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында "Қоғамдастықтарға көшбасшылық" ұраны болып табылатын баспасөз конференциясы өтті. Онда журналистердің алдында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары А. А. Каспирова, профилактика бөлімінің меңгерушісі А. А. Жайлаубаева, "Сенім тірек" ҚБ баспасөз хатшысы А. Т. Бектлеуова, сондай-ақ "Наша жизнь" ҚҚ маманы К. Ильина сөз сөйледі.
Спикерлер өңіріміздің эпидемиологиялық ахуалын, АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында ЖИТС орталығының жүргізіліп жатқан жұмыстары, облысымызда АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмауда қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыру туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.