09
январь 2024
Мұғалімдерге арналған семинар
05 Қаңтарда ЖИТС орталығының педагогы Меруерт Матаева №24 ОМ мұғалімдеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Маман АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, тыңдаушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Оқушылар үшін алдағы профилактикалық іс-шараларды бірлесіп талқылады.