Жедел тестілеу бойынша семинар
2024 жылғы 16 қаңтарда ЖИТС ОО зертханасының қызметкерлері АИТВ-ға жедел тестілеу сапасын кезең-кезеңімен арттыру мақсатында оқыту семинарын өткізді.
Бағдарлама шеңберінде капиллярлық қан бойынша " Determine HIV early detect" экспресс тесттерімен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін АИТВ-ға жедел тестілеуді қою сапасына техникалық бақылау жүргізу бойынша оқыту өткізілді. Семинардың практикалық бөлігі пысықталды: саусақтан қан алу, тамшуырмен және таймермен жұмыс, саусақтан қан алу техникасы және капилярлы қаннан АИТВ-ға ЭТ қою, күнделікті сапаны бақылау, жедел тестілеу нәтижелерін түсіндіру және тіркеу.
Бақылау теріс және оң сарысуларды пайдалана отырып, АИТВ-ға экспресс-тесттерді қою, есептер жасау әдістемесі мен техникасы бірлесіп пысықталды, ВОК бағдарламасына қатысудың маңыздылығы түсіндірілді. Тестілеу орындарына баға берілді, жұмысқа жарамдылық критерийлері, проблемалық мәселелер, түзету әрекеттері талқыланды, ұсыныстар берілді. Білім деңгейін бағалау мақсатында "АИТВ-ға жедел тестілеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету"тақырыбында тестілеу өткізілді.