31.12.2023 ж. Облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша жағдай
Өскелең қорытындымен (1989 жылдан бастап) облыста АИТВ жұқтырған 677 ҚР азаматтары тіркелді.
АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша талдау көрсеткендей, 31.12.2023 жылы анықталған барлық ҚР азаматтарының (677) арасында жыныстық жолмен жұқтыру басым – 72,4 % (490 адам), ал инъекциялық есірткі тұтыну кезінде парентеральды жол 25,3% (171 адам) құрады; қалған жағдайлар: тік жол - 6 (0,9%), анықталмаған - 9 (1,3%), артифициалды (шетелдегі медициналық манипуляциялар кезінде) - 1 (0,1%).
Ақтөбе облысы АИТВ-инфекциясының таралуы салыстырмалы түрде төмен ҚР өңірлеріне жатады. Облыс бойынша АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 31.12.2023 ж. – АИТВмен өмір сүретін адамдардың санынан 100 мың тұрғынға шаққанда 56,0 құрайды.
31.12.2023ж. 15-49 жас аралығындағы облыс тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясының таралуы 0,11%, болжам бойынша 0,12% (31.12.2022 ж. - 0,099%) құрады.
ҚР азаматтары арасында анықталған жағдайлардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 11,3% - ға (80-ден 71-ге дейін) азайды.
Есепті кезеңде облыс аумағында барлығы 71 АИТВ жұқтырған ҚР азаматтары, ал 2022 жылы - 80 ҚР азаматтары анықталды. ҚР азаматтары арасында АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық көрсеткіші облыстың 100 мың тұрғынына шаққанда 2023 жылы 7,6; 2022 жылы – 8,6 құрады.
31.12.2023 ж. ҚР азаматтарының көпшілігі (677) ерлер (64,8%), әйелдердің үлесі - 35,2% құрайды. 2023 жылы анықталған әйелдердің (71) ішінен әйелдердің үлесі 32,4%, ерлер – 67,6% құрады.
Облыста анықталғандардың ішінен 2023 жылы ҚР азаматтары арасында (71) жыныстық жолдың (гетеро және гомосексуалдық) үлесі (60) - 84,5%, ал 2022 жылы (72) – 90,0% құрады.
Парентеральды жолмен жұқтыру 2023 жылы анықталған барлық жағдайлардың 12,7% құрады. (2022 жылы анықталғандардан - 6,3%).
2023 жылы - 71(2022 жылы-80) АИТВ - инфекциясының көпшілігінде 30 – 39 жас тобында - 35,2% (2022 жылы-45%) анықталды.
31.12.2023 жылға арналған диспансерлік есепте 471 АИТВ жұқтырған адам, оның ішінде 174 әйел, 5 бала бар. 440 адам АРТ алуда.