АИТВ инфекциясы бойынша біліктілікті арттыру
Барлық медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері өзекті болып саналады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды және халықтың негізгі топтарын стигмаға, кемсітуге қарсы тұру маңыздылығы басым.
2023 жылы Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары медицина қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарында оқыту үшін келесі тақырыптар бойынша дайындалды:
- «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу»;
- «АИТВ-инфекциясын және қосымша ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу»;
- «АИТВ-мен өмір сүретін адамдар және жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтары арасында стигма және кемсітушілік».
ҚР-да 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың Жол картасын орындау мақсатында 2024 жылы аталған тақырыптар бойынша барлық мамандықтағы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша оқыту көзделген.