Өндірістік жиналыс: 2023 жылғы жұмыс қорытындысы
9 ақпанда Облыстық ЖИТС орталығы қызметкерлерінің өндірістік жиналысы өтті. 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша бас дәрігердің орынбасары Анна Каспирова конъюнктуралық есеп берді. АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамту, халықтың негізгі топтарын профилактикалық бағдарламалармен қамту, АИТВмен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу және емдеу мәселелері талқыланды. Оң нәтижелері: меморандумның нысаналы индикаторларына қол жеткізілді, АИТВ-инфекциясына тексерулер саны артты, АИТВ мен өмір сүретін адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту және вирустық жүктемесі басылған адамдардың саны артты. 2024 жылға міндеттер қойылды: ДДҰ-ның жаһандық стратегиясын, жол картасының индикаторларын орындау, емдеу каскадының көрсеткіштеріне, алдын алу мен емдеудің тиімділігіне қол жеткізу, халықаралық стандарттар мен ережелерге сәйкес зертханалық диагностика мен емдеуді қамтамасыз ету.