Нөлдік кемсітушілік күні
Кемсітушілік-белгілі бір сипаттамаларға негізделген жеке адамдарға немесе топтарға негізсіз қысым көрсету. Бұл сипаттамалар, мысалы: жас, этникалық, мүгедектік немесе әлеуметтік жағдайлар, дін немесе жыныстық бағдар болуы мүмкін. Кемсітушілікке заңмен тыйым салынған және сіз одан өзіңізді қорғай аласыз.
"Нөлдік кемсітушілік күні" (ZeroDiscriminationDay) ЮНЭЙДС 2014 жылы жынысына, жасына, жыныстық бағдарына, этникалық тегіне немесе АИТВ-мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін теңдік пен әділеттілікті ілгерілету үшін құрған.
❗ ❗ ❗ Стигма мен кемсітушілік АИТВ-ның алдын алуға, тестілеуге, емдеуге және күтімге кедергі келтіреді және 2030 жылға қарай ЖИТС-ті жою жолындағы прогресті тежейді.