10
апрель 2019
Ақтөбе қаласындағы MED talks форматындағы конференция
2019 жылдың сәуірің сегізіне облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері MED talks форматындағы конференцияға қатысты
Конференция Марат Оспанов атындағы Батыс-қазақстан мемлекеттік медицина академиясында өтті. Шараны «KazMSA» медик студенттер бірлестігі ұйымдастырды.
MED talks алғашқы спикері ЖИТС ОО инфекционист дәрігері З.Нигметова болды. Ол АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға АРВ - препараттарын тағайындау және АРВ-препараттарын қабылдау мониторингі, қайталама инфекциялардың алдын алу және емдеу, анадан балаға АИТВ-жұқпасының таралуының алдын алу туралы айтып берді.
Одан әрі бағдарлама бойынша спикер ретінде ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері Н. Жусипалиев сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Ақтөбе облысындағы АИТВ және ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-жұқпасының эпидқадағалау, байланыста болған адамдарды анықтау және тексеру туралы айтып берді.