ЖИТС орталығында үздік аутрич жұмыскерлер марапатталды
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында 27 наурызда халықтың негізгі топтары (ХНТ) арасындағы профилактикалық жұмыстың қорытындысы бойынша 2023 жылы үздік аутрич қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады. Құрмет грамоталарын облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова табыс етті және АИТВ-инфекциясының алдын алу ісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
ХНТ арасындағы профилактикалық іс-шараларды жұмысшылар аутрич қызметкерлер арқылы жүзеге асырған кезде тиімдірек болады. Халықаралық және басқа елдердің тәжірибесі "зияндылықты азайтуға" бағытталған және өмір салтын өзгертуді қажет етпейтін аутрич-жұмыстың тиімділігін көрсетті. Облыстық ЖИТС орталығы үлкен алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.