ЖИТС орталығында оба, тырысқақ, туляремия жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша семинар өтті
2024 жылдың 28 наурызында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша қызметкерлер арасында семинар өтті. Іс-шараны Ақтөбе қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Гүлжамал Бикенова және Ақтөбе обаға қарсы станциясының мамандары Әсия Мұқаева мен Еран Сейітқалиев өткізді.
Мамандар оба, тырысқақ, туляремия сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың клиникасын, ерте диагностикалау мәселелерін атап өтті. "Аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын науқасты анықтау кезіндегі медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмі", "Обаға қарсы костюм кию және шешу тәртібі", "Аса қауіпті жұқпалы аурулардан зертханалық зерттеулерге науқастан материал алу ережелері" жеке-жеке пысықталды.