02
апрель 2024
АИТВ-ға тексеру үшін көрсеткіштер
Кейде АИТВ-ға қан анализі клиникалық белгілер бойынша қажет – мысалы, егер адамда иммунитет тапшылығы байқалса немесе АИТВ-инфекциясына немесе ЖИТС-ке күдіктенетін клиникалық белгілер болса.
Терапевт үшін пациентті АИТВ-ға тексеруге жіберуге негіз болатын клиникалық белгілер:
- 1 айдан астам қызба;
- екі және одан да көп топтардың лимфа түйіндерінің 1 айдан астам ұлғаюы;
- 1 айдан астам уақытқа созылатын диарея;
- дене салмағының 10 немесе одан да көп пайызға түсініксіз жоғалуы;
- ұзақ және қайталанатын пневмониялар немесе әдеттегі терапияға жауап бермейтін пневмониялар;
- ұзақ және қайталанатын іріңді-бактериялық, паразиттік аурулар, сепсис;
- қайталанатын пиодерма;
- этиологиясы түсініксіз әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің созылмалы қабыну аурулары.