7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. 5 сәуір күні Ақтөбе қаласы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын жүргізуге баулу және насихаттау мақсатында қаламыздың барлық медицина мекемелерінің қатысуымен саябақтармен стадиондарда «Менің денсаулығым - менің құқығым» атты ұранымен науқан өтті.
Науқан кезінде ЖИТС орталығы мамандары тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық білім беру материалдарын таратты және ниет білдірушілерге АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізді.
Дүниежүзілік денсаулық күнінің мақсаты-халықтың физикалық денсаулығын нығайтуға назар аудару, адамдардың салауатты өмір салты, маңызды аурулар және олардың пайда болу қаупі факторлары туралы сауатты түсініктерін қалыптастыру.