17
апрель 2024
Хромтау ауданына іс-сапармен
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары 16 сәуір күні Хромтау ауданына іссапармен барып АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді.
Орталық маманы Самал Мұханбетжанова іс-сапар кезінде Хромтау ауданының әкімдігінің қызметкерлеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарғаға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алуы бойынша ақпарат берді.