Қарғалы ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу
17 сәуір күні Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары Сандуғаш Жулмагамбетова мен Айнур Тұрғынбаева, дәрігер-инфекционист Айнур Маханова АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Қарғалы ауданына іс-сапармен барды.
Жұмыс сапары барысында Мұғалжар аудандық ауруханасы, өрт сөндіру бөлімі, жастар ресурстық орталығы, колледждер мен мектептер қамтылды.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стигма және кемсітушілікке жол бермеу мәселелері қарастырылды.