АИТВ: Ол туралы не білуіміз керек
Ақтөбе облысында 2024 жылдың 1 сәуіріне 531 адам АИТВ –инфекциясымен өмір сүреді және өз диагнозын біледі. 2024 жылдың 3 айында АИТВ-позитивті 12 адам анықталды, олардың барлығы жыныстық жолмен жұқтырылған.
АИТВ жұқтырудың үш жолы бар:
Жыныстық жолмен берілу
Әрбір қорғалмаған жыныстық қатынас (яғни мүшеқапсыз) кезінде АИТВ-теріс серіктеске берілу қаупі бар. Тәуекел дәрежесі бірқатар факторларға, соның ішінде басқа жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) болуына, АИТВ-жұқпасы жоқ серіктестің жынысы мен жасына, жыныстық қатынас әдісіне, АИТВ-жұқпасы бар серіктестің ауру сатысына байланысты.
Вирустың қан арқылы берілуі (парентеральды жол)
Егер құралдың құрамында АИТВ-позитивті адамның қаны болса, тесетін құралмен терінің тұтастығы бұзылған жағдайда берілуі мүмкін. Бұл инелерді, шприцтерді, ұстараларды және татуировка құралдарын пайдалану кезінде болуы мүмкін. Зарарсыздандырылмаған кез-келген пышақ құралдары инфекцияның берілу құралы бола алады. Бұл инфекция жолы инъекциялық есірткі (ЛУИН) қолданушылар үшін жетекші болып табылады.
Вирустың анадан балаға берілуі
Вирустың таралуы ана мен бала арасында жүктілік кезінде (ананың қаны арқылы) және ана сүтімен (АИТВ-позитивті анадан сау балаға ана сүті арқылы, сондай-ақ АИТВ-позитивті баладан сау анаға емізу кезінде емшек тістеу арқылы болуы мүмкін).