23
апрель 2024
Мәртөк ауданының медицина қызметкерлері мен әскери қызметшілері АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша оқудан өтті
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Динара Уразалинова, Алтынай Артықбаева және Галия Дусеева 22 сәуірде халық арасында АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу үшін Мәртөк ауданына барды.
Жұмыс сапары барысында Мәртөк аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері, Жайсан көпсалалы колледжінің студенттері, әскери бөлімнің әскери қызметшілері қамтылды.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері қаралды.