Облыстық білім басқармасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар жоспарланды
26 сәуір күні Ақтөбе облыстық білім басқармасында білім беру жүйесінде АИТВ инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша семинар-кеңес өтті. Іс шараға облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Нургуль Бертлеуова, облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева және екі орталықтың мамандары қаттысты.
Семинар-кеңес барысында білім беру жүйесі мен ЖИТС ОО-ның бірлескен жұмыс жоспары, АИТВ-инфекциясы бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай, 2023-2024 оқу жылында білім беру мекемелерінде АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат айтылды.