Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс тыңдады
Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова 26 сәуір күні Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары қорғану шаралары, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы дәріс тыңдады. ЖИТС орталығының маманы қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарғаға қатысты стигма мен кемсітушілік болмау керектігі туралы және антиретровирустық терапия препараттарының арқасында АИТВ-инфекциясымен қазіргі таңда ұзақ және сапалы өмір сүруге болатындығы жөнінде ақпарат берді.