12
апрель 2019
Ақтөбе қ. лаборанттарға арналған тренинг
2019ж. 8-10 сәуір аралығында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық базасында, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы басшылығының қолдауымен, зертхана маманы К.Такелова Ақтөбе қ. ЖИТС ОО зертханасының мамандары үшін көшпелі практикалық тренинг өткізді.
Практикалық тренингте ПТР бөлімшенің режимдік сұрақтары, «АмплиСенс АИТВ монитор-FRT» жиынтығымен АИТВ-ға вирустық жүктемені анықтау бойынша талдаудың барлық практикалық кезеңдері, тестттің валидивтілігін бағалау және нәтижелерді есепке алу дұрыстығы туралы айтылды. Тренинг қатысушылары өз бетінше әрі қарай жұмыс істеу үшін өз дағдыларын техникалық жағынан пысықтай алды.