10
май 2024
Ойыл аудандық ауруханасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті
3-4 мамыр күндері облыстық ЖИТС орталығының мамандары Табиға Жулумова және Динара Уразалинова Ойыл ауданына іс-сапар барысында медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізді.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға міндетті түрде тексеруге жататындарды тестілеу бойынша ақпарат берілді.