Ойыл ауданының тұрғындарына арналған дәрістер
Облыстық ЖИТС орталығының маманы Самал Муханбетжанова 3 мамыр күні Ойыл ауданына іс-сапар барысында халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәрістер өткізді.
Іс-сапар барысында Ойыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті, Ойыл аудандық кәсіптік колледжі қызметкерлері, Ойыл қазақ орта мектебі, Ж.Жүсібалиев ат. Ойыл қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды. Спикер іс-шара барысында АИТВ-инфекциясы және оның алдын шаралары мен берілу жолдары туралы, Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасына тексерілу әдістері бойынша ақпарат берді. ЖИТС орталығының маманы қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарғаға қатысты стигма мен кемсітушілік болмау керектігі туралы және антиретровирустық терапия препараттарының арқасында АИТВ-инфекциясымен қазіргі таңда ұзақ және сапалы өмір сүруге болатындығы жөнінде ақпарат берді.