16
май 2024
Қалалық жастар денсаулық орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне дөңгелек үстел өтті
ЖИТС облыс орталығының ұйымдастыруымен 15 мамыр күні Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті. Іс шараға қалалық жастар денсаулық орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, облыс бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру, АИТВ-инфекциясының облыс бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай бойынша ақпарат берді.
Іс-шара облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен Жастар Coworking орталығында өкізілді.