Ақтөбе облысында АИТВ-мен өмір сүріп ем алып жүрген адамдардың 91% вирустық жүктемесі төмен
Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі. Бұл күн күнтізбеде осыдан 41 жыл бұрын, яғни 1983 жылы белгіленген.
2024 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні 19 мамырда өтеді. Биылғы жылдың тақырыбы: «Бірге есте сақтаймыз, бірге біз махаббат пен ынтымақтастық арқылы емдейміз!»
АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күресте халықты АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамтуды ұлғайту және АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдарды (АИТВ) диагноз қойылғаннан кейін, тезірек емдеуді мүмкіндігінше бастауды қамтамасыз ету, осы тәсілді қолдану арқылы оппортунистік аурулар мен ЖИТС-тің дамуын тоқтатып, АИТВ-ның басқа адамдарға берілу қаупін азайтуға болады.
Бұл бағыт ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағыттың мақсаты АИТВ-ны 2030 жылға дейін тоқталуына қол жеткізу.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысында АИТВ жұқтырғандардың 81%-ы өз мәртебесін біледі, оның 89%-ы антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдауда, АИТВ-мен өмір сүретіндердің 91%-ында вирустық жүктемесі төмен.
ЖИТС орталығының бас дәрігері Айгүль Дүйсенбаева атап өткендей:
- «Жыл сайын АИТВ-ға тексерістен өткендердің саны артып келеді. 2024 жылдың 1 тоқсанында – 84450 адам зертханалық тестілеуден өтсе, 643-жедел-тестілеуден өткен. Тестілеу көлемінің көбеюі АИТВ-ға тексерілеу міндеттерінің көрсеткіштері кеңеюіне байланысты болды: жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін (ерлі-зайыптыларын) тексеру енгізілді. АИТВ жұқпасын дер кезінде анықтау жүкті әйелден балаға берілудің алдын алуға көмектеседі».
АИТВ-ға зертханалық тексеру тұрғындарға тегін жүргізіледі. ИФТ әдісі бойынша (веналық қан) АИТВ-ға тестілеуді тегін тапсыру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген жеріңіздегі емханаға немесе ЖИТС орталығына (Жамбыл к-сі, №4) жүгіну қажет. АИТВ-ға тестілеу құны Медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік қоры есебінен төленеді, сондықтан тіркелген жері бойынша емханаларда және ЖИТС орталығында АИТВ-ға тестілеуге ақша азаматтардан алынбайды. АИТВ-ға зертханалық зерттеу тек АИТВ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында (ЖИТС орталығының зертханасы) жүргізіледі. Сондықтан, АИТВ-ға тестілеу үшін жеке клиникаларға жүгінген кезде азаматтар тестілеу құнын (медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік қоры есебінен тегін қызмет) төлеуге міндетті емес, олардан тек қана қан жинау және ЖИТС орталығының зертханасына тасымалдау үшін ақша алынады.
Тұрғындарға ЖИТС орталығымен байланысу үшін: анықтама телефоны – 8(7132)21-31-97, веб-сайт:aids-aktobe.kz, Facebook:facebook.com/aktobe.oc.spid/ BK: vk.com/id430053026 Instagram: Instaqram.com/aktobe_oc_spid/