Ақтөбеде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай баспасөз конференциясы өтті
16 мамырда Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында «Бірге есте сақтаймыз, бірге біз махаббат пен ынтымақтастық арқылы емдейміз!» атты ұранымен баспасөз-конференциясы өтті. Онда журналистердің алдында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова, профилактикалық бөлімнің эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова баяндама жасады.
Спикерлер өңіріміздің эпидемиологиялық жағдайын, АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында ЖИТС орталығының жүргізіліп жатқан жұмыстары, облысымызда АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.