20
май 2024
Мектеп оқушыларымен кездесу
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Динара Уразалинова, Сандуғаш Жулмағамбетова, Айнұр Тұрғынбаева, Самал Мұханбетжанова АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында №20,25,26,29 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып берді. Іс-шара барысында стигма және кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді.